Соның ішінде бірқатар салалармен бірге жеңіл өнеркәсіпті дамыту саясаты ұзақ мерзімді кезеңді қамтиды. Осы саланы өркендету оның әлеуметтік тиімділігін күшейту арқылы әртараптандыруға және жеңіл өндіріс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталады.
Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың негізгі бағыттары Қазақстан Үкіметінің арнайы қаулысымен бекітілген 2012-2016 жылдар аралығын қамтитын еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жоспарында көрініс тапқан.
Алға қойылған мақсаттарды іске асыру жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады.
«Семей былғары-үлбір комбинаты» ЖШС-інде тері өндірісін қайта құру және жаңғырту, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағында қазіргі заманғы тоқыма өндірісін ұйымдастыру, «Мақта өнеркәсібі - Целлюлоза» ЖШС-і базасында гигроскопиялық мақта және целлюлоза шығару сияқты ірі жобаларды іске асыру болжамдалуда.
Инвестициялық жобаларды іске асыру ішкі нарықтағы жеңіл өнеркәсіп өнімдеріндегі қажеттіліктерді 2014 жылға қарай 30 пайызға дейін асыру жөнінде болжам жасалды.