«Жаһандық экономикада не болып жатыр? Біріншіден, біз әртүрлі мегақауіптер, оның ішінде инфляция туралы айта аламыз. Инфляция жылдар бойы жалғасып келеді. Көптеген адам бұл алдағы жылдары да жалғасады деп санайды. Мұнан кейін – энергетикалық дағдарыс. Энергетикалық дағдарыс Украинадағы әскери қақтығысқа дейін басталды. Глазгодағы COP26-да елдер дәстүрлі энергетика саласына инвестиция салмауға уағдаласты. Біз қазір Ресейден жеткізілім шектеулі екенін түсінеміз. Мұның бәрі үлкен өзгерістерге әкеледі», - деді Қайрат Келімбетов.
Ол COVID кезінде және кейінгі кезеңде тауарларды, жүктерді жеткізу тізбегінің шектеулі болып отырғанын айтады.
«Осының бәрін ескере отырып, белгілі бір логистикалық бағыттарды іске қосуымыз керек екенін түсінеміз және бұл ретте Қазақстан өз рөлін атқарады. Қазақстан үлкен дүниежүзілік логистикалық тізбектің бір бөлігі болып саналады. Біз квазимемлекеттік сектор тарапынан түрлі теміржол инфрақұрылымдарына, авиация секторына, мультимодальды элементке инвестиция салуды жалғастырамыз», - деді ол.
«Астана» ХҚО басшысы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін де ескеру қажеттігін баса айтты.
«Қазақстан қандай да бір көлемді, пайызды алмастыра алады. Біз логистикалық салаға инвестиция салуға ниеттіміз. Экспорттық бағыттарды әртараптандыруға назар аударамыз. Егер біз экспорттағымыз келетін мұнай мен газ өндірісін ұлғайтатын болсақ, онда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын да көбейтеміз. Демек, біз логистикалық шешімдерді қоса алғанда жаңа хабтарды ашу, цифрлық шешімдерді дамыту арқылы порттардың өткізу қабілетін арттыруымыз керек», - деді Қайрат Келімбетов.