«Аталған топтама аясында тоғызыншы рет шыққан басылым, авторлардың пайымдауынша, биылғы жылы Қазақстанның қоғамдық өміріндегі ең маңызды оқиғасына арналған. Сыртқы саясат тақырыбымен қатар авторлар оқырмандар назарына еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени дамуының жан-жақты сипаттамасын ұсынып отыр», - деді ресми өкіл.
Кітап қазақ, орыс, ағылшын тілінде басылып шықты.
«Кітаптың негізгі бөлімдерінің бірі еліміздің Тұңғыш Президентінің еуразиялық және ғаламдық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан айтарлық үлесіне, сондай-ақ жақында Вашингтонда өткен Ғаламдық ядролық саммитте әлемдік қауымдастық тарапынан тиесілі мойындау тапқан еліміздің ядролық қарудан бас тартумен шектелмей, бейбіт сүйгіш саясатымызды одан әрі жалғастыра білген Елбасы шешімдерінің тарихи маңызына арналған», - деді А. Әбдірахманов.