Қазақстан ЕҚЫҰ аясында өзіне жүктелген міндеттерді табысты орындап келеді - К.Жигалов
10:35, 19 Маусым 2010
БРЮССЕЛЬ. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - ЕҚЫҰ қазақстандық төрағалықтың жарты жылында Астана өзіне жүктелген барлық міндетті,
соның ішінде Ұйымның үш «себетін» (қауіпсіздік, экономика және экология, гуманитарлық аспект - ред.) бірдей толтыру бойынша өз міндетін табысты орындап келеді.
Бұл туралы маусымның 18-і, жұма күні Брюссельде өткен «Қазақстан-Еуропалық одақ» ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысының қорытындалары бойынша ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов қазақстандық журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.
Оның айтуынша, өкінішке орай ЕҚЫҰ кеңістігінде дағдарыстан кейін даму тақырыбы бізден бұрынғы төрағалықтарда қаралмаған. «Қазақстан бұл тақырыпты маңызды түрде қарап шығып қана қоймай, сонымен бірге бірқатар өте маңызды бастамаларды бастауға мүдделі», - деп атап өтті ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.