«Бүгінде Қазақстанның тәжірибесі біз осы жылы төрағалық жасап жатқан ЕҚЫҰ-дағы біздің әріптестеріміздің асқан қызығушылығын туғызып отыр. Бұл ұйымға 50-ден астам мемлекет мүше. Келесі жылы Қазақстан осыншама мемлекетті біріктіретін Ислам конференциясы ұйымына төрағалық жасайтын болады. Қараңыздар, жарты әлемнен астам елді біріктіретін ұйымдарға Қазақстанның басшылық етуіне сенім білдіріліп отыр. Бұл біздің қуанышымыз бен мақтанышымыз емес пе? Біз ниет танытқандардың барлығымен өзіміздің тәжірибемізді бөлісетін боламыз», деді Елбасы.
Елбасының айтуынша, біздің халқымыздың рухы тәуелсіздіктің бірінші күнінен бері жүргізіліп келе жатқан саясаттың негізін қалап отыр, бұл толеранттылық пен достық.