Қазақстан ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының идеясы Варшавада таныстырылды

None
АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат. Варшавадағы «Бельведер» Президенттiк сарайында  Мемлекеттік хатшы -  Польша Президентінің сыртқы саясат бойынша кеңесшісі Мариуш Хандзлик, Премьер-министр кеңсесі мен СІМ жауапты қызметкерлері, сондай-ақ Польша Республикасындағы Орталық Азия мен Азия-Тынық мұхит аймақтары өкілдерінің қатысуымен пікіталас форумы өтті,

деп хабарлайды Қазақстанның Польшадағы елшілігінен.

Шығыс Еуропада Қазақстанның ең iрi сауда әрiптесi болып табылған Польша, ЕҚЫҰ төрағасы ретінде мемлекетіміз кандидатурысын, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы ілгері әріптестік туралы жаңа Келісімге қол қоюдың ҚР бастамасына  алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті. Қазақстанның Польшадағы Елшісі Алексей Волков «Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы контексінде Орталық Азия мен Шығыс Еуропа  мемлекеттері ынтымақтастығының келешегі» баяндамасында мемлекетіміздің ЕҚЫҰ төрағасы ретіндегі басым бағыттары туралы айтып өтті.  Қазақстан Еуропа қауіпсіздік архитектурасын нығайтуға; транзитті-көлік әлеуетін күшейтуге; Ауғанстанды тұрақтандыруға, сондай-ақ еліміздің үлкен тәжірибесі бар этносаралық және діни төзімділікті  алға жылытуға өз үлесін енгізуге ұмтылатыны атап өтілді.

Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы шеңберіндегі сыртқы саясатының еуразиялық сипаты мен бітімгершілік тәжірибесі  бұрынғы кеңес кеңістігіндегі «ұзақ» дауларды реттеуге мүмкіндік туғызатыны атап өтілді. Сонымен қатар, Қазақстанның басты мақсаты - Венадан батыс пен шығысқа таралған елдер арасындағы түсінісушілік пен сенімділікті сақтап күшейту, сондай-ақ ЕҚЫҰ барлық үш «себетінің» теңдестігін қамтамасыз ету.

Осыған орай Қазақстан Елшісі төрағалығы жылында Астана мемлекет басшылары деңгейінде ЕҚЫҰ саммитін өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Азия мемлекеттерінің елшілері ЕҚЫҰ мен Еуропа мемлекеттері қорларының Орталық Азия аймағы мен Ауғанстан мәселелеріне тартуы жөніндегі мәліметті аса қызығушылықпен қабылдады. Шетел дипломаттары Қазақстанның нақты ізгілік көмек, соның ішінде астықпен жабдықтау мен қазақстандық қаражатқа студенттер шақыру түріндегі қолдау шараларын жоғары бағалады.

Елші Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы басшы жағдайы мен ҚР-ның Ислам Конференциясы ұйымындағы төрағалығы 2011 жылы өркениетаралық диалогы мен Еуропа мен Азия мемлекет басшылары арасындағы түсінісушіліктің нығаюына мүмкіндік туғызатынына сенім білдірді, бұл мемлекетіміздің Шығыс пен Батыс арасындағы сұхбатының негізі ретінде ілгерілейтін бітімгершілік бастамаларына сәйкес келеді.

«Бельведердегі» пікірталас форумы барысында Елші А.Волков барлық қатысушысына Варшавадағы Қазақстан Елшілігі арқылы ұлы поляк пианисті Фредерик Шопеннің 200- жылдығы мен Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығына орай басып шығарылған  2010 жылдың күнтізбесін сыйға тартты.