Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңында бүгін журналистермен болған кездесуінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшсі Мәдина Жарбосынова осылай айтты.
Оның сөзіне қарағанда, бұл ретте Қазақстан «ЕҚЫҰ-ның мүшелері өз міндеттерін қалай жүзеге асыруда?» деген мәселе төңірегінде пікір таластырып қана қоймай, осы бағытта тиісті кеңестер дайындауға да жағдай жасады.
М. Жарбосынованың айтуынша, қазіргі таңда Саммитің қорытынды құжаттары бойынша да тиісті жұмыстар атқарылуда. «Біз үкіметтік емес ұйымдармен диалогқа үлкен маңыз бере отырып, ЕҚЫҰ-ға төрағалық аясында консультативтік кеңес ұйымдастырдық. Бұл азаматтық қоғам өкілдерінің бастамасы болатын. Ал Сыртқы істер министрлігі бұл бастаманы қолдап, біз консультативті кеңеске жетекшілік еттік. Аталмыш кеңеске адами өлшемдерімәселелерімен айналысатын еліміздің ресми органдарының өкілдері де енгізілді. Сонымен қатар кеңес құрамына азаматтық қоғам өкілдері мен халықаралық сарапшылар кірді», - деді Елші.