13:24, 21 Мамыр 2009
Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық шеңберінде Орталық Азиядағы экологиялық проблемаларға еуропалық қауымдастықтың назарын аударуға ниетті ? Мемлекеттік хатшы
АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық шеңберінде Орталық Азиядағы экологиялық проблемаларға еуропалық қауымдастықтың назарын аударуға ниетті.
Бүгін ҚР Парламентінде өтіп жатқан «Қазіргі Қазақстан және Еуропаға жол» атты халықаралық конференция барысында сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Экологиялық апаттардан зардап шегіп келген Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ секілді беделді ұйымға төрағалық етуі шеңберінде Орталық Азиядағы және посткеңестік кеңістіктегі экологиялық проблемаларға, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің шешілуіне еуропалық қауымдастықтың назарын аударуға ниетті. Еуропа мемлекеттерінде экологиялық проблемеларды шешу мәселесі бойынша теңдессіз, алдыңғы қатарлы тәжірибелер жинақталғаны белгілі. Бұндай шараны да аталған өңірлерге белсенді түрде енгізу қажет деп санаймыз. Осы тұрғыда Қазақстан Еуропа мемлекеттері көшбасшы болып табылатын халықаралық жігерді қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жұмылдыру шараларын толық қолдайды», - деді Қ. Саудабаев.