Қазақстан ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты жалғастыра береді - Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммиті әлемдік саясаттағы маңызды оқиғаға айналды. Қазақстан ЕҚЫҰ-мен белсенді ынтымақтастықты жалғастырады және оның тиімділігі мен беделін нығайтуға ықпал ете береді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.