деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Мадридтегі қатысушы елдердің шешімінен кейін бұл іске тыңғылықты дайындалды. Түрлі деңгейде әртүрлі іс-шаралар өткізді. Менің байқауымша, Қазақстан төрағалыққа дайын. Жалпы ЕҚЫҰ төрағалығындағы Қазақстан негізгі бағыттар: әскери-саяси, экономикалық, экологиялық, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау мен ЕҚЫҰ аумағында демократияны дамыту бағытында қызмет атқаратын болады. Бұл туралы Афиныда өткен Министрлер кеңесінде айқын болды», деді Жаннет Клётцер.