Қазақстан ел аумағынан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Ел аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін шығаруға 18 тамыздан бастап тыйым салынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан аумағынан ағаш материалдарыныңжекелеген түрлерін,а атап айтқанда Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқыэкономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды 4401, 4403, 4404, 4406 және4407 әкетуге 2019 жылғы 18 тамыздан бастап алты ай мерзімге тыйым салуенгізілді. Бұған қатысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің2019 жылғы 29 шілдедегі № 564 бұйрығы шығарылды», - делінген Комитетхабарламасында.

Соңғы жаңалықтар