Оның айтуынша, ол үшін Торғай және Екібастұзда электр стансалары салынуы тиіс.
«Қазақстанның электр жүйелерінің даму әлеуеттерінің бірі ретінде Қытайдың орталық және шығыс бөлігіне дейін 800 киловольт тұрақты тоқ желісін тарту жобасы қаралуда. Қазақстанның электр қуатын экспортқа шығару, соның ішінде Қытайға сату мақсатында Торғай және Екібастұз аймақтарында жаңа электр стансаларын салу көзделуде. Сонымен қатар Орталық Азия елдері - Қырғызстан, Тәжікстан және Оңтүстік Азия мемлекеттері - Ауғанстан, Пәкістанды қосатын CASA-1000 жаңа электр жүйесі салынып жатыр. Бұл желі қысқы мерзімдерде Қазақстан өзінің электр қуатын Қырғызстан,Тәжікстан елдеріне, ары қарай Ауғанстан мен Пәкістанға да сатуына мүмкіндік береді. Бұл әзірге жоба ретінде ғана, бірақ оны іске асырсақ, Қазақстанның экспорттық әлеуеті арта түседі», - деді ол.