«Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін логистика және электрондық коммерция орталығына айналып, е-коммерция үлесін жалпы әлемдік көрсеткішке яғни, елдегі бөлшек сауданың жалпы көлемінің 4 пайызына жеткізе алады. Бұл үшін логистика тәсілдерін қайта қарап, тауарлар жеткізу желісін дамытып, банк қызметтер спектрін кеңейту қажет», - деді ол.
Б. Сағынтаев Қазақстан бірнеше жыл бойы индустриалдық-инновациялық даму жоспарын іске асырып келе жатқанын атап өтті.
Оның айтуынша, е-коммерцияны дамытудағы Қытай тәжірибесі Қазақстанның қызығушылығын тудыруда. Бұл ретте қытай тарапы «Интернет » бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстанмен ынтымақтастықты реттеуге, интернет-сауда, интернет-индустрия, жаңа сандық технологиялар, желілік базалар саласында ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін өңдеуге әзір екенін білдірді.