НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан «электрондық үкімет» жүйесін дамыту бойынша ТМД елдері арасында 1 орында. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан 2020 жылы «электрондық үкіметті» дамыту көрсеткіштері бойынша БҰҰ рейтингінде (UN Global E-Government Development Index) 193 елдің ішінде 29 - орынды, ал ТМД елдері арасындағы рейтингте 1-орынды иеленді», -деп жазды Анар Жаилғанова.
Сонымен қатар агенттік басшысы қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер тізімінде 686 қызметтің 94,4 пайызы (648) электрондық форматқа көшірілгені туралы айтты.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.