20 желтоқсан күні таңертең «КВН» Жоғары лигасы-2017 жеңімпаздары Астана әуежайына ұшып келді. Белгілі шоумен, актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев біріншілер қатарында «Спарта Номад» командасын құттықтады.
Жеңімпаз команданың капитаны Данияр Жұмаділов қолдау көрсеткені үшін қазақстандықтарға алғыс білдірді. Көңілділер және тапқырлар клубында Қазақстанның намысын қорғаған команда осы жеңісін ҚР Тәуелсіздік күніне арнады.
Астаналық команда 2016 жылы «КВН» Жоғары лигасының соңғы үш финалында екінші орынға қанағаттанып келген еді. Биыл Мәскеу төрінде жұлдызы жанған «Спарта Номад» алдына жан салмады. Команда маусымдағы барлық ойында, соның ішінде «Алтын Кивинде» де жеңіске жетті.
Елордада «Спарта Номадты» команданың жанкүйерлері және өнерпаздардың достары зор қошеметпен қарсы алды.
19:54, 20 Желтоқсан 2017
Қазақстан елордасы «Спарта Номадты» қарсы алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде өткен «КВН» Жоғары лигасының финалында бірінші орынды жеңіп алған «Спарта Номад» командасы елге оралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.