Қазақстан елшісі А.Смирнов бірінші рет дауыс берген жастарды құттықтады - Минск

СК. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Минскіде Қазақстан Республикасының елшілігінде ҚР Президенттігіне кандидаттар үшін дауыс беру жалғасуда.

Сайлаушылардың қатарында Беларусь жоғары оқу орындарында білім алып жатқан және өмірлерінде алғаш рет дауыс беріп отырған студенттер көп. Қазақстанның Беларусь еліндегі елшісі Анатолий Смирнов оларды осынау атаулы күндерімен құттықтады.

«Бүгін Сіздер алғаш рет сайлауға қатысып отырсыздар, құттықтаймын! Сіздерді алдарыңыздан үлкен өмір күтіп тұр және Қазақстанның болашағын сіздер құрасыздар. Сіздерге сәттілік тілеймін, оқуда үздік болуларыңызға тілектеспін», - деді А.Смирнов өз сөзінде.