Қазақстан елшісі Б.Оспанов Қырғызстан халқы Ассамблеясы кеңесінің төрайымымен кездесті

None
АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат – Бішкекте қаңтардың 22-сінде Қазақстан елшісі Бақыт Оспанов Қырғызстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің төрайымы міндетін атқарушы Жаңыл Түменбаевамен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомствосына сілтеме жасап. Қырғыз Республикасы халық Ассамблеясының басшысын қызметке тағайындалуымен және Ассамблеяның 15 жылдық мерейтойымен құттықтаған Қазақстан дипломаты, ұлтаралық келісім саласындағы еліміздің жетістіктері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы әңгімелеп берді. Әңгіме барысында сондай-ақ аталмыш саладағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы пен перспективалық бағыттары талқыланды.