деп хабарлады Қазақстанның Беларустағы елшілігінің баспасөз қызметі.
Кездесуде А.Смирнов қазақстан-беларус ынтымақтастығының негізгі бағыттары, елшіліктің қызметі туралы, ішкі саяси жағдай жөнінде айтты.
Елші Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, А.Смирнов қазақстандық қоғам алдында елді жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын және елдің 2020 жылға дейінгі стратегиясын жүзеге асыру жөнінде ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.
Беларустық студенттер, сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының негізгі басымдықтарына ынта қойды. Ол студенттердің көптеген сұрақтарына жауап қайтарып, оларды қызықтырған екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары, ТМД-ның болашағы, экология сияқты мәселелерге тоқталды.