Қазақстан Елшісі Германия Президентіне сенім грамотасын табыстады

Фото: None
БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Берлиндегі «Бельвю» сарайында Қазақстанның Елшісі Дәурен Кәріпов Германия Федеративтік Республикасының Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге сенім грамотасын табыстады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанаттырәсімнен кейін болған сұхбат барысында Елші Д.Кәріпов Ф.-В.Штайнмайерге Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жолдады, сондай-ақ Қазақстан-Германия саяси,экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасы стратегиялық серіктестігініңжоғары деңгейін атап айтты.

Қазақстандықдипломат Германия ПрезидентінеҚазақстандағы экономиканы жаңғырту, әлеуметтік саланы дамыту және демократияландыружөніндегі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқаншаралар туралы хабардар етті. Д.Кәріпов екіжақты байланыстардың барлық кешені бойыншамемлекетаралық қарым-қатынасты нығайту және өзара мүдделерге жауапты міндеттердіжүзеге асыруға қатысты күш-жігерді арттыру жөніндегі екі ел арасындағы ынтымақтастық тетіктерін жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Неміс Президенті Қазақстанның тұрақты дамуынажоғары баға беріп, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың елдегі жаңа саяси бастамаларынатабыс тіледі.


Бұл тұрғыда Германияның Федералды Президенті2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласына жасаған сапары аясында өткен Қазақстан-Германіскерлік кеңесі барысында екі елдің бизнес құрылымдары арасында 20-ға жуықкелісімге қол қойылғанын еске алды. Ол ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Германияғажасайтын алғашқы еуропалық сапарын биыл өткізу перспективасын қолдай отырып,екі ел үшін мемлекеттік басым салаларда Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықтыдамытуға деген неміс тарапының шынайы пейілін білдірді.

Кездесу соңында Ф.-В.Штайнмайер Қазақстанбасшылығына достық сәлем жолдап, Елші Д.Кәріповке дипломатиялық миссиясынорындауда табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар