Қазақстан Елшісі Германияның Федералды президентіне сенім грамотасын тапсырды

Фото: None
БЕРЛИН. ҚазАзпарат - Астаналық «Бельвю» сарайында Қазақстанның Елшісі Дәурен Кәріпов Германия Федеративтік Республикасының Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге салтанатты түрде сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты рәсімнен кейін болған сұхбат барысындаЕлші Д.Кәріпов Ф.-В.Штайнмайерге Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтыңсәлемін жолдады, сондай-ақ Қазақстан-Германия саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлыққарым-қатынасы стратегиялық серіктестігінің жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Қазақстандық дипломат Германия Президентіне Қазақстандағыэкономиканы жаңғырту, әлеуметтік саланы дамыту және демократияландыру жөніндегіҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және мемлекет Басшысының бастамасыменжүзеге асырылып жатқан шаралардан хабардар етті.

Д.Кәріпов екіжақты байланыстардың барлық кешенібойынша мемлекетаралық қарым-қатынасты нығайту және өзара мүдделерге жауапты міндеттердіжүзеге асыруға қатысты күш-жігерді арттыру жөніндегі екі ел арасындағы ынтымақтастық тетіктерін жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Неміс Президенті Қазақстанның тұрақты дамуынажоғары баға беріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі жаңа саяси бастамаларынатабыс тіледі.

Бұл тұрғыда Германияның Федералды Президенті2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласына жасаған сапары аясында өткен Қазақстан-Герман іскерліккеңесі барысында екі елдің бизнес құрылымдары арасында 20-ға жуық келісімге қолқойылғанын еске алды.

Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияғажасайтын алғашқы еуропалық сапарын биыл өткізу перспективасын қолдай отырып, екіел үшін мемлекеттік басым салаларда Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуғадеген неміс тарапының шынайы пейілін білдірді.

Кездесу соңында Ф.-В.Штайнмайер Қазақстан басшылығынадостық сәлем жолдап, Елші Д.Кәріповке дипломатиялық миссиясын орындауда табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар