Қазақстан Елшісі Индонезия Президентіне сенім грамотасын тапсырды

Фото: None
ЖАКАРТА. ҚазАқпарат – Жакарта қаласындағы «Истана Мердека» Президент сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Данияр Сарекеновтің Индонезия Республикасының Президенті Жоко Видодоға сенім грамоталарын тапсыру шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, рәсімнен кейінболған сұхбат барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауынжеткізді. Сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен«2050 Стратегиясы» шеңберінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар туралы мәлімдеп,Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі мемлекет және экономика болып табылатын Индонезияменжан-жақты ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығын растады.

«Индонезия Президенті Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізгенжетістіктерін жоғары бағалап, астананы көшіру және Нұр-Сұлтанның дамуы жөніндегіқазақстандық тәжірибеге ерекше қызығушылық білдірді. Ж.Видодо Қазақстанмен ынтымақтастықтытереңдетуге мүдделілігін растады және Елшіге дипломатиялық миссиясында сәттіліктіледі. Өз кезегінде Д.Сарекенов екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуғажәне оларды жаңа жоғары деңгейге шығаруға бар күшін салатынына сендірді», -делінген СІМ ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар