Қазақстан Елшісі кардинал, Вильнюс архиепископы А.М.Бачкиспен кездесті

СТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшісі Ғалымжан Қойшыбаев Вильнюсте кардинал, Вильнюс архиепископы Аудрис Иозас Бачкиспен кездесті,

деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

Қазақстандық дипломат литвалық католик шіркеуінің басшысын Қазақстандағы экономикалық және саяси жағдаймен таныстырып, Президент Н.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өркендеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі тарауларына тоқталып өтті. Әсіресе, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретіндегі Қазақстанның басымдықты қызметінің бірі болып отырған толеранттылық проблемасына ерекше назар аударды.

Елші Архиеопископты сондай-ақ Мемлекет басшысының ұйытқы болуымен Қазақстанда Әлем және дәстүрлі діндер басшыларының съезін тұрақты негізгі өткізілетіні жайлы хабардар етті.

Әңгімелесуші тараптар мұсылман және христиан әлемдерінің арасындағы сындарлы және конфессияаралық диалогты жалғастыру қажеттілігін атап көрсетіп, конфессияаралық өзара іс-қимылды, оның ішінде қазақстандық тарап ұйымдастыратын іс-шараларға литвалық католик шіркеуінің өкілдерінің қатысуы бойынша ынтымақтастықты жандандыруға мүдделілік білдірді.

Екіжақты қарым-қатынастың маңызын атап көрсеткен кардинал, толеранттылық мәселелердегі қазақстандық бастамаларға қолдау көрсетуге әзірлігін жеткізді және ЕҚЫҰ-тағы қазақстандық төрағалыққа табыстар тіледі.