Қазақстан Елшісі Қырғызстан Жоғарғы сотының төрайымымен кездесті
13:28, 21 Қаңтар 2009
БІШКЕК. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Бішкекте Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Бақыт Оспановтың Қырғыз Республикасы Жоғарғы сотының төрайымы Жаңыл Әлиевамен кездесу өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елшіліктің ақпараты бойынша, кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету перспективаларын, екі республикада да біртіндеп жүзеге асырылып жатқан сот реформаларын талқылады. Қазақстан дипломаты сондай-ақ, біздің республикамызда жүзеге асырылып отырған жергілікті басқару органдарының ролін арттыру үрдісі туралы әңгімелеп берді және сайлау заңнамасын жетілдіруге және көппартиялы парламент құруға бағытталып қабылданған Сайлау туралы заңға тоқталды.