«Өткен жыл Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілік, достық және жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуда өте табысты болды. Саяси, сауда-экономикалық, энергетикалық және гуманитарлық және қауіпсіздік пен халықаралық істер саласындағы ынтымақтастық белсенді түрде дамыды. 2017 жыл - Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастары үшін өте маңызды жыл. Маусым айында Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің және ЭКСПО-ның ашылуы өтеді. Сонымен қатар, 2017 жыл Қазақстандағы Қытай туризмі жылы болып табылады. Бұл жұмыстар екі ел мен екі халық арасындағы өзара түсіністік пен алмасуды одан әрі тереңдетуге және нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін», - деген қазақстандық дипломаттың құттықтауын келтіреді «Синьхуа» агенттігі.
Ш.Нұрышев барлығына зор денсаулық, отбасылық бақыт және еңбекте табыс тіледі.
Еске сала кетсек, ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл - Қытайдағы ең басты және ең ұзақ тойланатын мереке. Дәстүрлі көктем мерекесі екі аптаға созылады және бұл мейрам қытайлықтардың сүйікті Шамдар мерекесіне ұласады.
Биылғы ресми демалыс аптасы - 27 қаңтар мен 2 ақпан аралығы.
Шығыс күнтізбесі бойынша, 2017 жыл Тауық жылы болып белгіленген.