ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сенім грамоталарын табыстай отырып, Е. Байжанов ұзақ тарихы бар және соңғы онжылдықта жаңа дамуға ие болған Қазақстан – Лаос қатынастарының тұрақты достық сипатын атап өтті.
«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Лаос Президенті Тхонглоун Сисулитке жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жолдауыңызды сұрай отырып, достас Лаос халқына бақыт пен гүлденуді тілеймін», – деді отандық дипломат.
Сенім грамоталарын тапсыру барысында тараптар екі ел арасындағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылап, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын түрлі салалардағы ынтымақтастықты жандандыру бойынша одан әрі өзара іс-қимылдың перспективаларын белгіледі.
Анықтама ретінде: 2021 жылда Лаостың Вьетнамдағы Елшісіне Вьетнамда аккредиттелген Армения, Ангола, Грекия, Пәкістан, Финляндия, елшілері сенім грамоталарын тапсырды.