Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі шеңберінде Латвия Республикасының Президентімен жеке сұхбат өте жылы және өзара сенім негізінде өтті.
27 жыл бұрын Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан (1992 жылғы 10 желтоқсан).
«Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың барлық салаларын одан әрі кеңейту мен тереңдетуге, сондай-ақ екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін, білім беру, туризм, фармацевтика, IT және жасыл технологиялар, киберқауіпсіздік және т.б. салаларды ілгерілетуге өзара қызығушылық білдірілді. Президент Э.Левитс Қазақстанды өңірдегі басты сауда-экономикалық әріптесі, сонымен қатар Орталық Азиядағы тұрақтылық және қауіпсіздік орталығы ретінде қарастыратынын атап өтті» делінген хабарламада.
Латвиялық көшбасшы Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстан халқын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.