Қазақстан Елшісі Малайзияның Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсырды

Фото: None
КУАЛА-ЛУМПУР. ҚазАқпарат - Малайзияның Король сарайында Қазақстанның Елшісі Болат Иманбаевтың Малайзияның мемлекет басшысы - елдің Жоғарғы Билеушісі Сұлтан Абдуллаға Сенім грамоталарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше,елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Малайзияның Мемлекетбасшысына жылы құттықтауларын жолдап, еліміздің Малайзиямен өзара тиімдіынтымақтастықты әрі қарай кеңейту мен нығайтуға қызығушылығын растады.

Салтанаттырәсімінен кейін өткен екіжақты кездесу барысында Б.Иманбаев Қазақстан менМалайзия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарыжоғары деңгейімен ерекшеленетінін атап өтті. Атап айтқанда, 2019 жылдың 4 айқорытындысы бойынша Қазақстан-Малайзия арасындағы сауда көлемі 2018 жылдыңкезеңімен салыстырғанда 6 еседен артқанына назар аударды.

Малайзияныңмемлекет басшысы тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жетістіктерін жоғарыбағалап, екі ел арасындағы өзара тиімді, дәстүрлі достық байланыстарды одан әрінығайтуға әзірлігін растады.

Малайзияныңмемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқажәне жаңадан сайланған Президенті Қ.Тоқаевқа өзінің сәлемін жолдап, Қазақстанхалқына одан әрі өркендеп, гүлдене беруін тіледі.

Соңғы жаңалықтар