Мексика мемлекетінің басшысымен сұхбат барысында қазақстандық дипломат екіжақты қатынастардың одан әрі дамуының келешегін талқылап, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, туристік әлеуетін дамыту, сауда-экономикалық ынтымастықтың арттыруы және Қазақстанды Мексиканың Электронды визалар жүйесіне қосуының маңыздылығын атап өтті.
Ол мексикалық тараптың 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасына қолдау көрсеткеніне алғысын білдіріп, Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне Мексиканың қатысу, екі ел арасында жоғары деңгейде байланысты жандандыру мәселелерін қозғады.
Э.Пенья Ньето мексикалық тараптың Қазақстан мен Мексика арасындағы қатынастарының жан-жақты дамуына дайын екендігін жеткізді.