Қазақстан Елшісі НАТО бас хатшысының арнайы өкілімен кездесті ? Брюссель

БРЮССЕЛЬ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Ерік Өтембаев өткен аптада НАТО штаб-пәтерінде Альянс бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ елдері бойынша арнайы өкілі Роберт Симмонспен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Брюссельдегі елшілігіне сілтеме жасап. НАТО-мен сындарлы ынтымақтастықты кеңейту Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Ағымдағы жылы маусымның 24-25-інде Астанада бейресми министрлік басқосу - Еуроатлантикалық серіктестік кеңесінің Қауіпсіздік форумы өтеді. Оның аясында қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, оның ішінде Ауғанстан проблемасы мен энергетикалық қауіпсіздік тақырыптарын талқылау жоспарлануда.Елші Ерік Өтембаев пен НАТО Бас хатшысының арнайы өкілі Роберт Симмонстың кездесуі барысында алғаш рет Еуропадан тыс жерде өткелі отырған осынау Форумға әзірлік мәселелері талқыланды.