Әңгіме барысында Арнайы өкіл Қазақстандағы тәртіпсіздіктер барысында қаза тапқандарға көңіл айтты. Қазақстандық дипломат Х.Коломинаны Қазақстандағы соңғы оқиғалардың себептері мен салдары, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдегі қалыпты өмірді қалпына келтіру бойынша мемлекет қабылдаған шаралар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Қазақстан билігі мұқият және толыққанды тергеу жүргізіп жатқаны, әрі оның нәтижелері әлемдік қоғамдастыққа ұсынылатыны мәлімделді.
М.Баймұхан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңадан құрылған Үкіметінің алдына қазақстандықтардың сапалы өмір сүру жағдайларын және елдің одан әрі табысты дамуын қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер қойғанын атап өтті.
Сонымен қатар, тараптар «Бір серіктес – бір жоспар» тұжырымдамасы аясындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды қоса алғанда, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады.