Салтанатты рәсімді Норвегия Корольдігі гвардиясы құрметті күзетінің кернейшісі ашты.
Норвегия астанасындағы зиратта Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Норвегияны азат ету кезінде қаза тапқан 347 кеңес сарбазына ескерткіш қойылған. Ескерткіштерде «Норвегия сіздерге алғыс айтады» деген жазу жазылған.
13 мың кеңес сарбазы, соның ішінде қазақстандықтар Норвегия тәуелсіздігі үшін жанын қиған.
Сол күні Қ.Әбусейітов Сербия елшісі Сузанна Бошкович - Продановичтің қатысуымен Екінші дүниежүзілік соғыста Норвегияда қаза тапқан юглославиялық партизандардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.