Қазақстан елшісі Нұрбақ Рүстемов Сербия президентімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 тамыз күні Қазақсанның Сербиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрбақ Рүстемов Сербия президенті Александр Вучич және Сербия Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ивиц Дачичпен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тараптар кездесу барысында Қазақстанның және Сербияның әлеуметтік-экономикалық қалыптасуы мен қазақстандық-сербиялық қарым-қатынастардың келешегі мен қазіргі жайын талқылады. Сонымен бірге, Сербия төңірегі мен Балқан аймағындағы сыртқы саяси жағдайлар мен халықаралық мәселелерді сөз етті.

Қазақстандық дипломат Сербия басшылығына Қазақтан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық байланыстың нақты қадамдары бойынша нығайып келе жатқанын тілге тиек етіп, биылғы қос елдің делегацияларының бір-біріне жасайтын сапарлары туралы айтты. Кездесуде «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысқаны үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сербия Президентіне жолдаған Алғыс хаты табыс етілді.

Өз кезегінде Александр Вучич биыл маусым айында Астанаға сапары барысында көрсетілген қонақжайлыққа алғысын білдірді. Сонымен бірге, халықаралық көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылған жеткізді. Ол өз сөзінде серб тарабы сауда-экономикалық бағытта өздерінің әлеуеттерін қолдануға әзір екенін айтып, қазақстандық кәсіпкерлерді белсенді түрде Сербия нарығына енуге шақырды.

Нови-саде қаласында Қазақстан елшісі Воеводина Автономиялық аймағы Үкіметінің Төрағасы Игорь Мировичпен кездесіп, қос тарап екі ел арасындағы сауда-саттық мәселесін талқылады.

Төрағаның қолына Қазақстан Президентінің «Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының серб тіліне аударылған нұсқасы тапсырылды. Аймақ басшысы ғылыми-өндірістік институттар мен жетекші серб компаниялармен серіктестік орнату үшін Алматы облысы делегациясының жақын арада Сербияға келетінінен хабардар болды.