09:07, 30 Наурыз 2009
Қазақстан Елшісі Парижде Президент Н.Назарбаевтың Жолдауының таныстырылымын өткізді
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшілігі наурыздың 26-сында Парижде саяси, іскерлік және академиялық топтардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарына арнап, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауының таныстырылымын өткізді.
ҚазАқпаратқа бұл туралы сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен хабарлады. Елші Мұрат Тәшібаев өз сөзінде, Қазақстанның әлемдік экономикадағы өршіп отырған дағдарысқа алғашқылардың бірі болып үн қатқанын, бүгінде біздің республикамыз дағдарысқа қарсы бағдарламаны дәйекті жүзеге асырып отырғанын атап көрсетті. Елші сондай-ақ Жолдаудың экономикалық тарауы, басымдықты инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар туралы егжей-тегжей әңгімелей келе, дағдарыс жағдайында Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамалық негіздерін өзгертпейтінін және өз мойнына алған халықаралық міндеттемелердің барлығын толық орындайтынын айтты.