Кездесу барысында қазақстандық дипломат словак министріне кәсіби табыстар тіледі және оны ағымдағы жылдың желтоқсан айында Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитінің жұмысына қатысуға шақырды.
Өз кезегінде, Словакияның сыртқы істер министрі екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай тереңдету керектігін атап көрсетіп, Қазақстан елордасында ЕҚЫҰ Саммитінің өткізілуін Словакияның қолдайтынын жеткізді.