Рәсім барысында Эмомали Рахмон Қазақстан-Тәжікстан қарым-қатынасының жоғары деңгейін атап өтіп, екі ел арасындағы өзара тиімді,дәстүрлі өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екенінбілдірді. Сондай-ақ, Тәжікстан Президенті Қазақстан Республикасының ТұңғышПрезиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгітілектерін жеткізіп, жаңа елшіге қазақстандық-тәжік ынтымақтастығын нығайту бағытындасәтті және жемісті жұмыс тіледі.
Өз кезегінде А.Тәжібаев Тәжікстан Президентінекі ел басшыларының мемлекеттер арасындағы ежелгі бауырластық пен достыққатынастарын нығайту және кеңейту жөніндегі міндеттерін орындауда елшілік барлықкүш-жігерін жұмсайтынына сендірді.