Рәсімнен кейін өткен кездесуде Қазақстан мен Тәжікстанның екіжақты қарым-қатынастарының жай-күйі мен келешегі талқыланды.
Э. Рахмон Қазақстанмен қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілетуге және дамытуға Тәжікстан зор маңыз беретінін атап өтті. Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы жоғары деңгейдегі екіжақты және көпжақты қарым-қатынастар Тәжікстанның тәуелсіздік жылдарындағы құнды жетістіктердің бірі болып отыр.
Сұхбат соңында Н. Сейтімов Тәжікстанның Президентіне кездескені үшін алғысын білдіріп, екі жақты қарым-қатынастарын нығайтуға және тереңдетуге бар күш-жігер салатынын растады.