Қазақстан елшісі Түрікменстан Президентіне сенім грамотасын табыстады

АШХАБАД. ҚазАқпарат -  1 тамыз күні Оғузхан сарайында Қазақстанның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жандос Асанов Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түрікменстан Басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ықыласқа толы сәлемін айтып, Елбасының екі ел арасындағы, сондай-ақ аймақ елдері арасындағы байланыстардың өркендеуіне қосып жатқан үлесін жоғары бағалады.

Жандос Асанов Түрікменстан Президентін Елшілік екі ел жетекшілерінің көпғасырлық екіжақты достық әрі бауырмал қатынастарды одан әрі өрістетіп, кеңейту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін аянбай күш салатынына сендірді.