«Мен Қазақстанды жақсы білемін. Кезінде Каспийде, Павлодар, Қарағанды, Алматы қалаларында жұмыс істеген едім. Сербияда менен Қазақстан жайында сұраған кезде осы жерде жүзеге асырылып жатқан игі істердің тек 10 пайызын ғана айтып беремін. Мен оларға сіздер ойлағандай Қазақстан газ, мұнай, алтын, көмір, металлургия емес, ең алдымен интеллектуалды ресурс деймін. Бұл әкімшілік ресурстар, бұл білім, бұл жоғары оқу орындары, мектептер мен әлеуметтік қамту», - деді Карич.
Сонымен қатар ол Қазақстан ең алдымен адамдарымен, ел болашағының локомотиві болып саналатын жастарымен мақтануы тиістігін баса айтты.