Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Серік Ахметов осылай мәлім етті.
«Зейнетақы төлемдерін жүйелі түрде арттырып отыру ең алдымен жұртшылықтың өмір сүру деңгейін ТМД елдерімен салыстырғанда біршама арттырды. Мәселен, ең төменгі зейнетақы төлемдері бойынша Қазақстан барлық ТМД мемлекеттерінің алдында тұр. Атап айтқанда, біздің көрсеткішіміз 163 долларды құрайды. Ал Ресейде - 94 доллар. Ал зейнетақының номиналды төлемі бойынша Қазақстанның көрсеткіші 248 долларды құрап, 288 долларды құрайтын Ресейден ғана қалып отырмыз», - дейді С. Ахметов. Дегенмен, вице-министрдің айтуынша, Ресейдің солтүстік аймағындағы зейнетақы төлемінде табиғи-климаттық жағдайларға қатысты көптеген үстеме төлемдер бар.