ФИЛА тәртібі бойынша онда ерлер - 55, 60, 66, 74, 84, 96, 120 келі, ал әйелдер - 48, 51, 55, 59, 63, 67, 72 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынады. Онда 13 елден спортшылар қатысып, әйелдер күресінен ең жеңіл салмақтағы Жұлдыз Ешімова күміс жүлдеге ие болды. Бұл ресейліктер үшін Әлем чемпионаты алдындағы аса маңызды жауапты сын болып есептеледі. Сондықтан олар ұлттық құраманың барлық үздіктерін жарысқа қосып, бейресми командалық сында 1-орынды жеңіп алды.
Жарыста Қазақстан намысын ерлер мен әйелдер арасында бапкерлер кеңесінің шешімімен он-оннан 20 балуан қорғады. Жалпы бұл турнир Голден Гран-при сериясындағы халықаралық турнирдің финалына жолдама беретін іріктеу сайысы болып есептеледі. Онда үздік сегіздіктің қатарына енгендер алдағы уақытта Әзірбайжан астанасында өтетін ақтық сында өнер көрсетуге мүмкіндік алып отыр.
17:36, 31 Қаңтар 2011
Қазақстан еркін күрес шебері Иван Ярыгин атындағы Голден Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды
АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Красноярск қаласында 28-30 қаңтар күндері еркін және әйелдер күресінен Иван Ярыгин атындағы Голден Гран-при турнирі өтті.