Қазақстан еркін сауда аймағы серіктестері аясын кеңейту жөніндегі жұмыстарды жүргізуде
«ЕурАзЭҚ аясында Кеден одағының сауда-саттықтан тыс бірегей саясатын қолдану қажеттілігіне орай, 2012 жылы Қазақстан Республикасында, Беларусь Республикасында және Ресей Федерациясында қолданылатын сауда-саттық режімін үшінші елдермен біріздендіруге байланысты жұмыстар жүргізілуде», - делінген хабарламасында.
Осылайша, Еуропалық еркін сауда қауымдастығы елдерімен және Жаңа Зеландиямен еркін сауда аймағы туралы жаңа келісімдер жасау жөнінде бірқатар келіссөздер өткізілді.Сонымен қатар, бүгінде Черногория Республикасымен еркін сауда аймағы туралы Келісім жасау жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
«Сондай-ақ, бірлескен зерттеу топтары Вьетнаммен еркін сауда аймағын құрудың пайдасы мен мүмкіндіктерін зерттеу жөнінде бірлесіп жұмыс істей бастады», - делінген ведомство хабарында.
Қазіргі кезде, ТМД шеңберінде еркін сауда режімін толық көлемде енгізуді аятау мақсатында, 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған еркін сауда аймағы туралы Келісімді бекіту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.