АСТАНА. KAZINFORM – Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында Қазақстанның ерлер құрама командасы жүзуден тағы бір жүлдеге қол жеткізді.
Отандастарымыз 4x200 метрге еркін стильде жүзу эстафетасында күміс медаль иеленді.
Ел намысын Әділбек Мусин, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов және Ғалымжан Балабек қорғады.
Бұл сайыста Түркия құрамасы бірінші орынды иеленсе, Иран спортшылары үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық жүзушілер Эр-Риядтағы жарыста төрт медаль жеңіп алғанын жаздық.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.