Қазақстан құрамасы атынан Алтай Жәрдембекұлы, Никита Важенин және Артур Галиев сынға түсті. Отандастарымыз жалпы есепте төртінші орын алды.
Алтын медальді Қытай спортшылары жеңіп алса, күміс Оңтүстік Кореяға бұйырды. Жапония құрамасы үшінші орынды місе тұтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін әйелдер арасында 3 000 метрге сырғанаудан Надежда Морозова жүлдеге бір табан жетпей қалған еді.
Ал, шаңғышы Олжас Климин қола жүлдеге қол жеткізіп, ел қоржынына тоғызыншы жүлдені салды.