Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен әлем чемпионатында Түркияны жеңді

АСТАНА. KAZINFORM – Лондонда (Ұлыбритания) үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты басталды. 

Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының спортшылары топтық кезеңдегі алғашқы ойындарын өткізді. Ерлер құрамасы Түркияны 3:1 есебімен жеңсе, әйелдер құрамасы Бразилияға 1:3 есебімен есе жіберді. 

Ерлер құрамасының ойындары (11-топ):

Қазақстан – Түркия 3:1

Кирилл Герасименко – Абдулла Йигенлер 3:0

Алан Құрманғалиев – Горкем Окал 1:3 

Айдос Кенжіғұлов – Ибрагим Гүндуз 3:1 

Кирилл Герасименко – Горкем Окал 3:0

Әйелдер құрамасының ойындары (5-топ):

Қазақстан – Бразилия 1:3

Сарвиноз Миркадирова – Бруна Такахаши 0:3

Зәуреш Ақашева – Джулия Такахаши 3:2 

Жәнерке Көшкімбаева – Лаура Ватанабе 2:3 

Зәуреш Ақашева – Бруна Такахаши 0:3

Қазақстан ерлер құрамасының келесі матчы 29 сәуірде Мысыр құрамасына қарсы өтеді. Ойын Астана уақытымен 23:30-да басталады.

Қазақстан әйелдер құрамасы сол күні Моңғолия командасымен кездеседі. Матч Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, үстел теннисінен қытайлық әлем чемпионы Қазақстан атынан өнер көрсетеді.