АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Шэньян қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден U19 бен U23 Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар ел қоржынына 1 күміс, 1 қола медаль салды.
23 жасқа дейінгі санаттағы 2000 метрге төрттікте ерлер командасы мәреге екінші жетіп, жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді.
Күміс жүлдені Дидар Сағымбаев, Тимур Фомичев, Владислав Галкин, Иван Чернухин бастаған команда мүшелері иеленді.
Ал дәл осы санатта Қазақстан әйелдер құрамасы мәре сызығына үшінші болып жетіп, қола медаль еншіледі.
Әйелдер командасының сапында Мелани Жакупова, Анжела Полянина, Валентина Волкодавова, Анастасия Кулинич сынға түсті.
Шэньян қаласындағы чемпионатта 19 елден келген 300-ден астам спортшы сынға түсіп жатыр.
Жарыс әлі жалғасып жатыр.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.