Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен «Астана жұлдызы» сыйлығы шарасы өтуде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен «Астана жұлдызы» сыйлығы шарасы өтуде. Оның барысында түрлі аталымдар бойынша үздік деп танылған әншілерге жұлдыз бейнесіндегі алтын ескерткіш сыйға тартылады.

Айта кетейік, бұған дейінгі жылдарда Роза Рымбаева, Маржан Арапбаева, "МузАрт" және "Ұлытау" топтары лауреат атанған.

"Астана жұлдызы" кәсіби музыкалық сыйлығы 2013 жылы алғаш рет Астана әкімдігінің мұрындық болуымен елорданың 15 жылдығы қарсаңында өткізілген болатын.