Қазақстан эстрадасының әншілері жаңажылдық жоспарларымен бөлісті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан эстрада әншілері «ҚазАқпарат» тілшісіне Жаңа жыл кешіндегі басты жоспарларымен бөлісті.

«Мен 31 желтоқсан күні кеште өз клубымда жұмыс істеймін. Жаңа жыл кешінде жұмыс істеу мен үшін үйреншікті жағдай», - деді All Davay тобының әншісі Шоқан Маратұлы.

Kental есімімен танылып жүрген әнші Талғат Кенжеболатов өз пікірін айтты.

«Мен Аяз атаның өмірде жоқ екенін білгеннен бері бұл мерекеге сенуді қойғам. Сол күннен бастап, атап өтпеймін десем де болады. Жаңа жыл кеші мен үшін қатардағы күн болып есептеледі», - деді ол.