Қазақстанға танымал «Арай» тобы «Әскердегі бір күн» («Служба на день») акциясына қатысты. Салтанатты костюмді әскери киім үлгісіне, ал микрофонды қаруға айырбастаған «Арай» тобы Отан алдындағы борышын өтеп жүргендер алдында өздерін барынша лайықты ұстауға тырысты. Акцияның мақсатына сәйкес танымал топ әскери қызметші ретінде бір күнін өткізді, сондай-ақ әншілер әскери қызметшінің әдеттегі күні қалай өтетінімен, қандай міндеттер атқаратынымен, әскери қызметтің қиыншылықтарымен, ең бастысы оның артықшылығымен танысады. «Арай» тобының солистері Қазақстанды қорғап жүрген жауынгерлердің бір күнімен танысып, осы орайда олар әскери қызметшілермен бірге әдеттегіден ерте тұрып таңғы жаттығулар жасап, жүгіруге шықты. Бұдан басқа, әншілер әскери қызметшілермен бірге жауынгерлік міндеттер атқарып, саптық даярлықтан өтті, өздеріне ең күрделі болған тапсырманы орындап - 100 метр қашықтыққа қарудан оқ атты. Акцияның қорытындысы бойынша әртістер қатал әскери тәртіпке бағынғаны үшін көптеген жас жігіттер армандайтын дипломдармен наградталды. Әншілер армияның бір күнгі өміріне араласып, оны өздерінің ер мінездерін көрсете алатын ортада өткізуге берілген мүмкіндік үшін алғыстарын білдірді.