Бұл туралы бүгiн Назарбаев Университетiнде өтiп жатқан халықаралық форумда ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Ербол Орынбаев мәлiм еттi.
"Бiз әлемдiк тәжiрибелердi белсендi түрде жинақтаудамыз және алдымызға Орталық Азияда, ТМД елдерiнде және еуразиялық аймақта бiлiм берудiң және ғылыми жаңалықтардың экспорттық орталығына айналуды нақты мақсат етiп отырмыз. Бiздiң талпынысымыздың ең жарқын көрiнiсi - Назарбаев Университетiнiң құрылуы. Бүгiнде ол өзiнiң барлық ғылыми әлеуетiн жұмылдыра отырып, Қазақстанда қазiргi заманғы инновациялық ортаны қалыптастыруда. Назарбаев Университетi жаңа инновациялық кластердiң ядросына айналды. Қазiргi уақытта кластердiң бiрiншi кезеңiн iске асыру бағытында коммерцияландыру офистері, бизнес-инкубаторлар, iлкi технопарк құрылып үлгердi. Сонымен қатар мұнда индустриалды хай-тек алаңы iске қосылды. Ұлттық халықаралық компаниялардың қолдауымен аталмыш алаңда өндiрiстiк инфрақұрылымдар мен ғылыми бөлiнiстер ашылады", - деп атап өттi Е.Орынбаев.
Оның айтуынша, бiлiм беру саласын дамытудың 2020 жылға арналған мемлекеттiк бағдарламасы болашақта Қазақстанда бiлiктi әрi кәсiби мамандарды даярлауды қамтамасыз етедi, сонымен қатар елдiң тұрақты экономикалық дамуына кепiл болмақ.
"Қазақстан үкiметiмен елдiң бiлiм беру саласын қаржыландыруы - бұл мемлекеттiң әлеуметтiк шығындары емес, шын мәнiнде экономикалық инвестициясы болып табылады. Форум барысында Қазақстанның бiлiм беру саласын жаңғыртудың заманауи тетiктерi жасақталады деп есептеймiн", - деп түйiндедi сөзiн вице-премьер.
Еске сала кетейiк, бүгiн Астанадағы Назарбаев Университетiнде II Еуразиялық жоғары бiлiм көшбасшыларының форумы өз жұмысын бастады. Биыл қатысушылар жоғары бiлiм беру саласындағы жаһандық ахуал және оның аймақтағы әсерi тақырыбында талқылаулар жүргiзедi.