Қазақстан еурокубок маусымында ТОП-10-ға қайта оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа кубогы маусымының рейтингінде Қазақстан ТОП-10-ға қайтып оралды, деп хабарлайды Sports.kz.

Кеше Юрмала Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Астана» мен «Спартак»  (Юрмала) матчы өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Ойын нәтижесі бойынша Қазақстан еурокубок маусымының рейтингінде1,750 көрсеткішпен  11-інші орыннан 7-інші орынға көтерілді.

Алғашқы ондық келесідей:

1. Англия - 2,285

2. Дания - 2,000

3. Лихтенштейн - 2,000

4. Әзербайжан  - 1,875

5. Кипр - 1,875

6. Израиль - 1,750

7. Қазақстан - 1,750

8. Норвегия - 1,750

9. Македония - 1,750

10. Испания - 1,714.